Мәтінді тыңда. Мәтін мазмұнында жоқ ақпаратты анықта Жаңа Астана халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. Нұр-Сұлтан қаласының архитектуралық көрінісі Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлерін бейнелейтін арнайы еуразиялық стильде жасалды. Елорда мастер-жоспарының авторы атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава болды. Қала үш ауданнан тұрады: «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл».
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы – белсенді, талантты және жігерлі жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тартымды қала. Қазақстанның Нұр-Сұлтаны еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы болып табылады және білім, ғылым және инновацияның өңірлік орталығы болуға ұмтылады. Тарихи өлшем бойынша жас қаланың мәдени өмірі қанық және қызықты. Оның мұражайларында, театрларында және концерттік залдарында ұлттық және заманауи өнер үйлесімді синтезделеді.
«Нұр-Сұлтан-Бәйтерек» монументі – Нұр-Сұлтан қаласының негізгі көрікті жерлерінің бірі және қаланың басты нышаны болып табылады. Қазақ тілінде «Бәйтерек» терек ағашы деген ұғымды білдіреді. Осылайша, Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап қалған, болашақтағы өркендеуге ұмтылатын және бүкіл әлем қоғамдастығына тәуелсіз Қазақстанның нышаны болып табылады.Сулы-Жасыл Желекжол – Хан Шатырдан «Ақ Орда» Президенттің резиденциясына дейін созылған бұл желекжол қызықты қалалық пейзаждарды көру үшін ең әдемі жаяу жүру аймағы болып табылады. Бұрқақтар, өнер туындылары, мейрамханалар, шағын дәмханалар, дүкендер – осының бәрін Сіз осы жерден таба аласыз.
Нұр-Сұлтан қаласының еліміздің мәдени келбетін қалыптастырудағы рөлі зор. Республика бойынша 68 театр болса, соның алтауы Елордада. Әлемнің әйгілі композиторлары, режиссерлері мен әртістері Қазақстанның бас қаласына келіп өнер көрсетеді. Бүгінде қазақстандық мәдениетті жаһанға таныту барысында көптеген іс-шаралар жасалу үстінде.


Мәтінді тыңда. Мәтін мазмұнында жоқ ақпаратты анықта Жаңа Астана халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың

вввв31 вввв31    1   16.11.2020 08:02    0

Ответы
лена062 лена062  16.12.2020 08:03

Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім "Бәйтеректің" биіктігі - 97 метр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi