Мәтінді тыңда .Конспект жаз. Қазақстанның болашағы – бүгінгі жас ұрпақ , бізбіз . Біз тәуелсіз , егеменді елде тұрамыз . Бул тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ . Біздің ұлан - байтақ жерімізді ата - бабаларымыз аман есен сақтап , жеткізді . Сол үшін біз оларға қарыздармыз . Олар жанын салып қорғап , ғасырлар бойы күресіп , жерімізді сақтап қалды . Оны болашақ ұрпаққа сақтап жеткізу – біздің міндетіміз . Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін әлемге жариялады . Алпауыт мем лекеттер Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады . Қазір Қазақстан барлық салада дамып ке леді . Оны дамыту , алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосу — біздің міндетіміз . Өйткені біз өз еліміздің жарқын болашағы үшін қызмет етеміз . Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана бастамасы мен көреген саясатының арқасында еліміздің экономикасы қарыштап дамып , өркендеп , бүкіл әлемге танылуда . Көн байрақты бей біт елімнің мәртебесі күн сайын биіктеп , асқақтап келеді . Қазіргі кезде Елордамызда әлемдік деңгейдегі кездесулер , жиындар , саммиттер , форумдар өтіп жатыр . Мұның бәрін бүкіл әлем көріп , тыңдап отыр . Біздер , жас ұрпақ , болашақта Қазақстанның еңсесі биік , татулығы жарасқан ел болуына , Оның жылдан - жылға гүлденіп , көркейе беруіне өз үлесімізді қосамыз .​

Валерия1508 Валерия1508    2   20.04.2021 17:25    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi