Мәтінді тыңдаңдар (30-аудио). Тірек сөздерді табыңдар. Елімізде кен орындары көп. Ересен байлығымен қиялыңды
қайран қалдыратын Кенді Алтай, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік
Қазақстан, Торғай, Қостанай облыстарын мақтанышпен атауға
болады.
Кенді Алтайдың сирек және шашыранды элементтер орналасқан
бірнеше жүздеген қорғасын, алтын, күміс кен орны белгілі. Оның
байтақ қойнауында халықшаруашылығының қай саласына болмасын
қажетті пайдалы қазбалардың басқа түрлері де жеткілікті. Мысалы,
шымтезек, газ, жанғыш тақтатастарға өте бай.
«Қазақстан кен орындары» анықтамалығы