Мәтінді түсініп оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз (внимательно прочитайте текст, выполните задания): Домбыра Party
– Домбыра Party туралы ең алғаш Facebook әлеуметтік желісінен естідім. Суреттер мен пікірлерді көріп, бұл жобаға қызыға бастадым. Біраз уақыттан кейін Нұрғиса ағамыздың жазған постын оқыдым. Ол жерде бұл кісі Лондонға келетінін және Домбыра Party ұйымдастыратынын жазып, осы жерде жүрген қазақтардың хабарласуын сұрапты. Мен де бұл мәселе қашан шешіледі екен, болатын уақыты мен жері қашан анықталады екен деп біраз уақыт күттім. Сүйінші хабарды желі бойынша жан-жаққа тараттық.
Әрине, басында «Лондондағы Домбыра Pаrty-ге аз адам келіп, ұят болып қалмағай» деп те уайымдадық. Себебі жанымда жүрген қазақ студенттерінің көбісінің оқуы аяқталып, елге кеткен болатын. 6 шілде – Астанамыздың туған күнінде «University College London» атты оқу ордасында өткен шараға қырыққа жуық қазақ жиналды. Жиналып қана қоймай, Нұрғиса ағамызды қолдап, өздері де қолдарына домбыраны алып, өнерлерін көрсетті. Көшеде серуендеп жүріп, бізді кездестіріп қуанған қазақтар да болды. Домбыраның үнін естіп, арамызға келіп қосылып жатты. Біраз қазақ бауырларымыз шетелде жүріп, өз елін сағынғаны байқалды. Осы Домбыра Party арқылы шетелде жүрген қазақтар өздерін Қазақстанда болып қайтқандай сезінген шығар. Осындай қазақтардың басын қосатын, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыратын, рухымызды асқақтататын бастамалар көбейе берсе екен деп тілеймін. Мен де Домбыра Party-дің Лондонда жалғасын табуын қадағалап, көмегімді тигізуге әзір екенімді айтқым келеді. (Іңкәр ОСПАНБЕК, Лондон қаласы. www.aikyn.kz/news/view/26245)
1. Мәтіндегі 1-ші абзацтан етістіктерді теріп жазып, шағын (өткен шақ түрлері) анықтаңыз (выпиши из текста глаголы, определи время время). (2)
2. Мәтіннің негізгі ойын анықта (основная мысль) (1)
3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер:
- Домбыра Party бастамасы нені көрсетті? (1)
- Қазақстанда осындай Домбыра Party өтті ме? Өтсе, қайда болған?