Мәтінді түсініп оқып, не туралы екендігін дәлелдеңіз. Абайдың оқудан оралуы

... Бала көп ішінен, ең алдымен, өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

- Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! – деді. Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар, әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.

Құнанбай қысқа ғана амандық сұрап:

- Балам, бойың өсіп, ержетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? – деді.

Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің қабағын танып өскен. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен:

- Шүкірлік, әке, - деп біраз тұрды да, - ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатихасын алып қайттым, - деді.

Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзірлеген жауабы еді...

(«Абай жолы» роман-эпопеясынан

Дәлел:

WseNikiZanyati WseNikiZanyati    1   03.11.2020 14:34    11

Ответы
умник1235678 умник1235678  03.12.2020 14:39

мәтін бала абайдың өскен шағы туралы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi