Мәтінді түсініп оқып, мәтінге 7 сұрақ құрастырып жаз. Ұлы Жібек жолы
I.Біздің заманымызға дейінгі II ғасырдың ортасында Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы пайда болды. Ұлы Жібек жолы – Қытай мен Еуропаны байланыстырған сауда жолы. Осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «Нефрит жолымен» Қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауhар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Кұндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған.
II. Біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды. Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғалымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті.
III. Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Сырдария, Талас, Шу, Іле арқылы Қытайға ұласқан, Жолдың ендігі бір бөлігі «Яқсарт», «Сейхун» деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалап, ары қарай Қара теңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты. Жібек жолы Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жалғасты. Осы жолдардың бойында Испиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған. Бұл қалалардың өркендеуіне Ұлы Жібек жолының тигізген эсері мол.
Ұлы жібек жолы болмаса не болар еді?
Ең алғашқы жібек жолында не тасмалданды?
Ұлы жібек жолында неге аудармашылар мен әскер болады?
Нефрит жолымен не тасымалданды?