Мәтінді түсініп оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. Наурыз сөзі — парсыша — нау — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Кейде оны «Ақ мерекесі», «сүт мейрамы», «төл ырысы» деп те атап жүр. Қазақта науқан және ырыздық деген сөз бар. Осыған қарағанда, жаңа жылдың ырыздығы дегенді білдіруі де мүмкін ғой.
Қазақ ұғымында бұл күні аспан жұлдыздары бастапқы нүктелеріне келеді. Күн мен түн, жарық пен қараңғы теңеледі. Қыс ызғары қайтады. Төрт түлік мал төлдейді. Адамдардың аузы аққа тиеді. Мал аузы көкке тиеді, жер бетіне шаттық орнайды. Көктем құстары келеді. Қысқы ұйқыдағы жануарлар оянады. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күн» деп атаған. Наурызды мереке ретінде тойлау дәстүрі жер бетіндегі халықтардың бір қыдыруының тұрмыс салтында бар әдет.

1.Наурызды қандай мереке деп атайды?
2.Күн мен түнде қандай өзгерістер болады?
3.Табиғаттағы өзерістерді жазыңыз.

maxmax6 maxmax6    1   18.03.2021 07:32    0

Ответы
Dasa282 Dasa282  17.04.2021 07:34

1. 《Ұлыс күні》 деп атаған

Объяснение:

2. Наурыз айында күн мен түн теңеледі .

3. Күн жылынып , көк шөптер шығады , жарық пен қараңғы теңеледі , қыс ызғары қацтады , көктем құстары қайтып келеді , ұйқыдағы жануарлар оянады .

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi