Мəтінді түсініп оқып, ат қойыңыз. Əдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып, оқиға орнын, табиғат көрінісін, кейіпкер бейнесін сипаттап, сызбаға жазыңыз
Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған əріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі əріптен ғана өткенімізге көңілі толмай: «Барлық əріптерді тезірек неге үйретпейді екен? Шіркін, ағама хат жазар едім», - деп күңкілдейтін.

Əрине, майдандағы əке-ағамызға хат жазу бəріміздің де көкейіміздегі асыл арман еді. Сонымызды сезгендей, Иманжанов та бізге тезірек хат танытуға бар күшін салып бақты. Сөйтіп, бас-аяғы бірер айдың ішінде əріптерді тегіс жаттап, бірлі-жарым сөздерді құрап жаза алатындай халге жеттік. Ал Аян болса кəдімгідей: «Аса жаннан артық көретін аға...» деп бастап, хат жазатын болды. Ендігі оның қуанышында шек жоқ еді. Күнде сабақтан кейін үйіне келісімен төр алдына етпетінен түсіп, сиялы қарындашты тілімен жалап қойып, бет-аузын сия-сия ғып, ағасына хатты үсті-үстіне жазатын да жататын. Күніне екі-үш хаттан жазады. Кейде əжесінің айтқанын, кейде өз бетінше жаза беретін.

Limda777 Limda777    2   19.02.2021 13:00    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi