«Мәтінді шифрла». Төмендегі мәтінде қарамен берілген сөздерді шартты белгілермен ауыстыр.
Өзендегі айлақтан біз ағаш көпірге дейін жайылым
арқылы бардық. Одан өтіп, теміржол бойындағы тасжол-
мен жүрдік. Ұзамай аралас орман басталды. Электр
желілеріне жеткенде, біз орман жолына бұрылдық.
Ұзақ жүруге тура келді. Ақыры орман аяқталып, біз
көлге келіп жеттік. Жағалаудың кейбір жері батпақты
болды. Кешікпей біз орманшының үйіне, көздеген мақ-
сатымызға жеттік.