Мәтінді пайдаланып, 3 сұрақ құрастыр. Доспамбет жырау (1490 - 1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты.

1588 жылдың 25 - ші шілдесімен таң¬баланған құжатта Доспамбетті “Доспамбет ата” деп хаттаған. Демек, ол сол кезде 60 пен 70 арасындағы ақсақал жастағы адам болған. Жыраудың 1591 жылғы Мәскеуге сәтсіз жорықта қатты жараланып, Азауға жете алмай жолда өлген сыңайы бар. Осы деректерді саралай келгенде Доспамбет 1520 - 1591 жылдар аралығында өмір сүрген боп шығады.

Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Өзі туған Азау қаласын «Азаулының Ыстамбұлдан несі кем?!» деген жолдарына қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз. Және Азау қаласының аты ақын шығармаларында жиі кездеседі.

«Зерттеушілер» 2. «Азаулының Ыстамбулдан несі кем?»

Азаулы қаласының аты өз еңбегін жаңаша жыл қайыруымыздың І - ші ғасырында жазған Страбонда кездеседі. Азик деп хаттаған. Скандинавия жарты аралының жұрты христиандық дәуірге дейінгі құдайын Один деп атаған. “Эдда” дастанының мәтініне жүгінген Н. М. Карамзин: “Эдда аңыздары бойынша скандинавиялық мұсылман Один Азгард қаласының түлегі” дейді (Н. М. Карамзин... Том І. Гл. ІІ. Прим. - 25. 9 - б. ).

Грек тарихына қатысты деректерден білетініміз: Азақтың Киммерлік Боспор атанғаны, ал Азов теңізінің Меотида делінгені. Меотида саздағында ежелгі заманнан нәсілі алан азық тайпасы орыс жылнамаларындағы касогтармен (қасахтармен) аралас бірге тұрған. Сөйтіп, бұл теңіз жағалауындағы қолтық Азау теңізі, ал ондағы генуялық ежелгі қала Азаулы атанған.

Қара теңіз жағалауын монғолдар меншіктеген кезде Азаулы өзіне кеп құятын Тана өзенінің атымен Тана аталды. Ол Алтын Орданың “оң қанатының” астанасы болды. Византия, Генуя, Венеция саудагерлері Алтын Ордамен осы Тана арқылы сауда жасады.

1462 жылы Махмет паша Константинопольді алып, Византияны күйретті. Кешікпей оның Қара теңіздің терістік жағалауларындағы отары Очаков, Қафа, Тана, Ақерменді өзіне қаратты. Осы кезден бас¬тап Тана қайтадан Азаулы атанып, Тақыт елі, Ноғайлы, Терістік, Кавказ, Мәскеумен сауда - саттық қаласына айналды. Азаулыда түріктің әскері (наместнигі) отырды. Мәскеу князьдігі Азаулыда елшілік және сауда - саттық өкілеттігін ұстатады.

Доспамбет жырау осы Азаулының не сол тараптағы көшпелі тайпаның түлегі.


Мәтінді пайдаланып, 3 сұрақ құрастыр. Доспамбет жырау (1490 - 1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспам

prohorowanyura prohorowanyura    3   04.11.2020 15:39    5

Ответы
Dementor112 Dementor112  04.12.2020 15:40

у нас такого не было

Объяснение:

ТЖБ ма?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
gilkin01 gilkin01  04.12.2020 15:40

1 сурак.  Доспамбет қай кезеңде өмір сүрді?

2 сурак. Ол кандай орданың қолбасшысы болған?

3 сурак. Доспамбет жырау қай жылы қайтыс болды?

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi