Мәтінді оқып жинақы мәтін жазыңыз. Әлем халықтары Қазақстанның бейбітсүйгіш саясатының куәсі болды . 1992 жылдың наурызында Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданды . Қазақстан жаһандық тұрақсыздық заманында өр кениетті адамзаттың мүдделерін , мақсаттарын үйлестіретін ең беделді халықаралық ұйымның 168 ші мүшесі болды . Қазақстан БҰҰ мүшелігіне Қырғызстан , Өзбекстан , Тәжікстан , Түркіменстан , Молдова , Әзербайжан , Армения сияқты бұрынғы Кеңес Одағы құрамынан шыққан мемлекеттермен қоса Сан - Марино Республикасымен бірге кірді . Осы толығудан кейін БҰҰ мүшелерінің саны 168 - ден 176 мемлекетке дейін өсті . БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 46 сессиясында күн тәртібіндегі 20 - пунктті қарап аталған тоғыз мемлекетті өзіне мүше ретінде таныды . БҰҰ Бас хатшысы шешім қабылдағаннан соң « Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеруді сұраймын » деген сөзінен кейін Тәуелсіз Қазақстанның Көк Туы БҰҰ ғимаратында желбіреді 1992 жылдың 15 сәуірінде ҚР Президенті Жар лығымен ҚР БҰҰ жанындағы бірінші тұрақты өкілі болып қазақтың көрнекті дипломат қызы Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова тағайындалды . 1992 жылдың 5 маусымында ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі өзінің толыққанды қызметін бастап кетті . Осы жылдың 5 қазанында БҰҰ мінберінен ҚР Президенті тұңғыш рет сөз сөйледі . Қазақстан адамзаттың тағдырының ортақтастығын ұғынатын , демократия принциптерін ұстанатын мемлекеттер қатарына қосыламын деп жариялады . Ел өзі басшылыққа алатын Конституциясын , заңдары мен нормативтік актілерін түгелдей халықаралық құқық нормалары мен әлемдік гуманистік принциптер талаптарына сәйкестендіруге бетбұрыс жасады .
Ж

Moldir94 Moldir94    1   22.02.2021 12:15    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi