Мәтінді оқып, өзге планетадағы өзен мен жәндіктерге сипаттама бер. (Прочтите текст и опишите реки и насекомых на другой планете.)
Жардың асты ағып жатқан қара қошқыл өзен. Өзеннің үстін жұп-жұқа мөлдір қабық қымтап жауып тұр. Өзен үсті құж-құж қайнаған ұсақ жәндіктердің қара құйыны. Қара қошқыл судың ішінде де алуан түрлі жәндіктер мол екен. Біреуі жыланша иірілген ұзын, екіншісі домалақ, кейбіреуі үшбұрышты жалпақ. Бірақ бәрінің де тұрақты формасы жоқ. Бұлтыңдап сынапша толқып құбыла береді...
Кибер атомобильді арттарынан баяу жүргізіп келеді.
– Ахмет, сіз айтыңызшы бұл неғылған ғажап планета? Көзімізге тірі жәндіктерден басқа ештеме түспей қойды ғой. Мына ағып жатқан суы да жаны бар бірдеңе сияқты. Мен өте қысылып келе жатырмын. Біреу (бәлкім осы планетаның ақылды тұрғыны болуы ғажап емес) екі көзін өңменнен өткізе тесірейіп тұрған тәрізді. Арқам тоңазып, қорқа бастадым.
– Тоқташы, Мәриям, сен мынау дүңкілдеген дыбысты естисің бе? Мәриям енді ғана естіді. Расында да бір дүңкілдеген дыбыс алыстан еміс-еміс келіп тұр. Ол оның жүрек соғысымен бір ритмде сияқты. Мәриям шошып кетті. Жүр атомобильге қайтайық...