Мәтінді оқып, толықтауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан екенін және қандай мүшені толықтырып тұрғанын анықтаңыз. Мәтіндегі тура толықтауышы бар сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасаңыз. Нұралы атасы Әбілқайыр хан дүниеден қайтқан соң оның орнына Дайықтың шығыс бетіндегі кіші жүз нәсілдері - Әлімұлы, Байұлы, Жетіруға хан болып тұрады. Өзі даңқты, әрі білімді, бай һәм саясатқа жетік болады. Балалары ер жетіп, өз тізгінін ұстаған соң олардың жақсылары да, жамандары да байқала бастайды. Мысалы, бір қатынның баласы Бөкей кіші жүздің бір тармағын билеген. Енді бір қатынның баласы Қаратай, есім, Орман – «бес бөрі» атанған сотқар болған. Енді бір қатынның баласы Сығалы, Қысық дегендер өте тентек, ел бүлдіргіш болады, тағы да сол сияқтылар. Сырым Нұралының Есімхан деген баласына қыз берулі. Сырым Нұралының балаларының елге берген жәбірін айтып, тыйым салуын талап етсе, Нұралы «балалардың ойын күлкісін айтып не керек» деп, Сырымның сөзін аяқсыз қалдырады. Екінші, ханның өзі де елдің жарамды атын қоймайды һәм үй басына алым-салық салады. Үшіншіден, Нұралының бел баласы, Сырымның күйеу баласы Есімхан Сырымның ауылына келіп қонақ болып жатып, түнде Сырымның қызының бір тұлымын кесіп әкетеді. Бірақ оны Нұралы хан тыңдамайды.
Ақырында Сырым Хиуаның қасына барып, ханның қазынасына:
– Әділ болуға шартпен отырған ханды өлтірсе құны не болады? – деп, сұрайды. Сонда ханның қазысы айтады:
– Әділ болуы шартпен тұрған ханды өлтірсе, оның құнын төлеуге дүние жетпейді – дейді.