Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Нұр-Сұлтан қаласының ресми көшірілуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. 2019 жылдың 23 наурызында Қазақстан Республикасының Президентінің өкімімен Астана қаласы Нұр-Сұлтан қаласы деп өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
1999 жылы Нұр-Сұлтан қаласы ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы - 2000 жылдан бастап астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Нұр-Сұлтан қаласын экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды.
Ел астанасын ауыстыру Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары.
Шаһардың өнеркәсіп өндірісі негізінен құрылыс заттарын, азық-түлік өнімдерін шығару мен машина жасау ісі төңірегіне шоғырландырылған.
Жылдарды оқиғалармен сәйкестендіріңіз:
Астананың «әлем қаласы» атануы
ответ 1
Выберите...
Астананың Халықаралық ассамблеяға кіруі
ответ 2
Выберите...
Астананың Астана атануы
ответ 3
Выберите...
Астананың Нұр-Сұлтан боп өзгеруі
ответ 4
Выберите...
Астананың ресми түрде көшуі
ответ 5
Выберите...