Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз, белгіленген сагатта Бауыржан Қарағандының офицерлер үйіне келді. Атақты көру үшін қала офицерлері әйелдерімен, бала-шағаларымен жиналған екен, Блоха да сол жерден кездесті. Бауыржанға сөз берілді. Сөз берілерден бұрын Момышұлының Ұлы Отан соғысының қаһарманы, бүкіл дүниежүзіне белгілі әдеби герой, атақты жазушы екені айтылды, - Жолдастар, деді Бауыржан орнынан тұрып, - дүниежүзіне аты жайылған атақты Момышулы мен емес, Осыдан 18 жыл бұрын бұл кісі мені ажалдан алып қалды, Осы кезде Бауыржан президиум үстелінің басында отырған өзгелерден бітімі бөлек, балуан денелі адамды нұсқады, Мені ажалдан арашалап алып, жаңа айтылғанындай, бүкіл дүннежүзіне паш өткен адам бұрынғы пулеметшім Блохамен мен кеше гана табыстым. Кездесуден кейін Бауыржан Блоханың үйіне қонаққа барды, Саган не сыйларымды білмей отырмын, - Маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ, - деді Бауыржан, - Сен менің өз өмірімді өзіме сыйлаган кісісің, Одан артық ешқандай сыйлық болмайды. - Сонда да, - деді Блоха шалбарының қалтасына қолын сұғып, - мына Волоколамск тас жолымен немістердің танктері бізге қарап қаптап келе жатқанда, оларды лайықты қарсы алар алдыңда менің темекі тұтатқан шақпағым еді. Осы үйдегі соғыстан қалған жалғыз белгі осы ғана, Осыны саған сыйлағым келеді. - Бұл сыйлығыңды қабыл аламын, - деді Бауыржан винтовка гильзасынан жасалған шақпақты алып жатыр. - Бұл - баға жетпес ескерткіш… Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз. 2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз. 3. Бауыржанның темекі тұтататын шақпақ туралы: «- Бұл - баға жетпес ескерткіш…» деуі неліктен? Ойыңызды жеткізіңіз. 4. Автор Момышұлына Ұлы Отан соғысының каһарманы, бүкіл дүниежүзіне белгілі әдеби герой, атақты жазушы деп мінездеме береді. Сіз қандай мінездеме берер едіңіз? Өз пікіріңізді білдіріңіз. 5. Мәтіндегі өзгелерден бітімі бөлек, балуан денелі адам кім және Бауыржан оған неге ерекше құрмет көрсетеді? Ойыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.

ZayacZnaniy ZayacZnaniy    2   24.10.2020 10:52    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi