Мәтінді оқып, тақырыбын анықтап, төменгі тапсырмаларды орындаңыз. Елімізде өсімдіктері мен жануарлары қорғалатын табиғи аймақтар - қорықтар ұйымдастырылған. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады.Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жайылым мен шабандық,аң-құс,айдын шалқар көлдер,ағыны қатты өзендер сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Тау,жазық,шөл,көлдер – тіршіліктің көзі.Оларда түрлі тіршілік көздері өмір сүреді.Саны азайып,жойылып бара жатқан аң-құстар,өсімдіктер «Қызыл кітапқа» енгізілген. Қазақстан жерінде Д.И.Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездеседі. Бірақ бұл інжу – маржандар қанша болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес. Сондықтан оны пайдаланумен бірге,қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндік туғызу керек.
1. Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз. / /
2.Қорықтардың негізгі мақсаты қандай? / /
3.Қостанай облысындағы қорықты атаңдар. / /
А) Барсакелмес мемлекеттiк табиғи қорығы
Ә) Алакөл мемлекеттiк табиғи қорығы
Б) Наурызым мемлекеттiк табиғи қорығы
В) Қаратау мемлекеттiк табиғи қорығы
4. Ақпараттың дұрыс, дұрыс еместігін анықтаңдар. / /
Ақпарат дұрыс дұрыс емес
Қорықтар – еліміздің өсімдіктері мен жануарлары қорғалатын табиғи аймақтар.
Қазақстан жеріндегі табиғат байлықтары сарқылмайтын дүние.
Тау,жазық,шөл,көлдерде түрлі тіршілік көздері өмір сүреді.