Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
«Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасына өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр.
Екі ержүрек апаларымыздың ескерткішін көргенде, жанынан бей-жай өте алмайсың. Олардың бейнесіне қарап тұрып, сол зұлматтың ызғарын сезініп, жан түршігерлік соғысты көріп тұрғандай күй кешесің. Өзгелердікінен өзгеше жүрегі бар мәрт арулардың жүрек соғысының дүрсілін естігендей болып, қайсар қыздардың рухына тәу етіп тұрғаныңды байқайсың. Сөйтесің де, өр апалардың өжеттілігіне басыңды иіп, батырлығына тәу етесің. Ескерткіштен ұзап бара жатып, осындай тұлғалардың жанымен, бабалардың қанымен келген жеңісті күндердің баянды болғанын тілейсің. ​

elichev3 elichev3    1   20.05.2020 13:36    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi