Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Шаш адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды. Қолдың тырнақтарын аптасына 1 рет алса, аяқ саусақтарының тырнақтарын екі аптада бір рет немесе айына бір рет алады.
Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.
Күніне адам басынан 100 тал шаш түсіп, қайта шықпайды.
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі- шаш.
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі