Мәтінді оқып, стиль түрін анықтаңдар. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) дүниежүзіндегі мемлекеттердіңбасым көпшілігін
біріктірген ең ықпалды, әмбебап халықаралық ұйым.Басты мақсаты – халықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтып,мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты,
ұлттар арасындағыдостык катынастарды дамыту, адам құқығын құрметтеуді қолдау,
осымақсаттарға қол жеткізуге ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығыболу.

БҰҰ қызметінің негізгі бағыттары жер бетінде бейбітшілік пенқауіпсіздікті
сақтап, мемлекеттердің сан алуан саладағы ынтымақ-тастығына жәрдемдесу, адам
құқықтары мен бостандықтарын қорғап,халықаралық құқықты жүйелеу және оның
дамуын қамтамасыз етуболып табылады.

БҰҰ-ның бас органдары Бас Ассамблея, Қауіпсіздік кеңесі,Экономикалық және
әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Камқорлықжөніндегі кеңес пен хатшылық.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты өрі негізгі құжаты оныңЖарғысы болып
табылады. Тарихи деректерге сүйенсек, ҰйымЖарғысының жобасы КСРО, АҚШ,
Қытай және Ұлыбритания мемле-кеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес
тілде орыс,ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған1945
жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында51 мемлекет қол қойған.
БҰҰ-ға Жарғыда бекітілген міндеттемелердімойындайтын әрі оларды жүзеге асыра
алатын ізгі ниетті мемлекеттердіңбарлығы да мүше бола алады. Ұйымға мүше барлық
мемлекеттер кіретінБас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады.

БҰҰ өз қызметінде мынадай мақсаттарды көздейді:

бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

Ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру
мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететінорталығы болу.

БҰҰ-ға мүше мемлекеттер үшін басты маңыздылық Ұйымныңхалықаралық
бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану менжаппай қырып-жою қаруын
таратпау секілді өзекті мәселелерді шешугеқатысуы. Ұйым сонымен қатар лаңкестік,
есірткінің заңсыз айналымымен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша
халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді.

Бүгінгі таңда бұл ұйым халықаралық қауымдастықтың көкейкестімәселелерін
шешудің өзінше бір орталығына айналды: БҰҰ адам құқығын құрметтеуді қолдау,
қоршаған ортаны қорғау, түрлі аурулармен күрес, жоқшылық ауқымын тежеу,
босқындарға көмек, миналарды залалсыздандыру және ЖҚТБ-мен күрес бойынша
жүйелі жұмыс атқаруда.

БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі – бүкіл әлемде бейбітшіліктісақтау. Көптеген
жыл бойы ұйым халықаралық дағдарыстардың алдыналуда және ұзаққа созылған
қақтығыстарды шешуде маңызды рөл атқарып келеді.

Мәтіннен ғылыми стильге тән жанрлық және тілдік ерекшеліктерді

(терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды) тауып, талдаңдар.

minchuna2016p02voj minchuna2016p02voj    1   11.05.2021 12:49    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi