Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты мысалдар арқылы білдіріңіз. Мәтін бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Мәтінінің басты идеясын анықтаңыз.

БІЛМЕСЕНДЕР АЙТПАНДАР ӘЙТБЕСЕ ЖАЛАБА

ДЛЯ ТЕХ КТО НЕ СМОГ РАЗАБРАТ С ФОТО
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайынсіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық антын бұзған адамды «Ант атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?»» — деп, кінәласады.

Көтерілген басты мәселені анықтайды

Өз көзқарасын жан- жақты білдіреді

Мәтін бойынша екі сұрақ құрастырып жазады

Мәтіндегі басты идеяны анықтайды


Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты мысалдар арқылы

Sowa2006 Sowa2006    3   17.03.2021 12:34    1

Ответы
LediLizonka LediLizonka  16.04.2021 12:36

1.Мәтінде көтерілген басты мәселе-Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүріндегі жастар біле бермейтін дәстүрлерді таныстыру.

2.Қазақ салтында: "Үлкенге- құрмет,кішіге- ізет"- әдет ғұрпы ертеден бар.Әйел адам ер адамның алдын кесіп өтпеген.Үйге келін болып түскен жас келін ата-енесіне иіліп сәлем салады және қайнысы мен қайынсіңілдеріне қосымша ат қояды.Мысалы:Еркетай,еркежан.

3.1.Қазақ халқының салт-дәстүрінде "ат тергеу"салты қай кезде қолданылған? 2.Анттасу- салт-дәстүрін қандай жағдайларда қолданған?

4.Мәтіндегі басты идея-Қасиетті қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерін жастарға насихаттау.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi