Мәтінді оқып шығыңыз . Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтап , мазмұндауда қолданыңыз Ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырып , көтерілген басты мәселені анықтаңыз . Өз көзқарасыңызды жан - жақты тұжырымдап , мысалдар арқылы дамытып , дәлелдеңіз . 1 - мәтін Қасиетті қазақ халқының салт - дәстүрлері өте көп . Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ . Ат тергеу . Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет ғұрып . Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына , қайнағасына , қайнысына , қайын сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды . Мұны ат тергеу деп атайды . Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай : « Мырза қайнаға » , « бай атам » , « би аға » , « тентегім » , « еркежан » , « шебер шешей » , « ақ әже » , « сырғалым » , « шашбаулым » . Жеңгелері қайныларына әзілдеп , бойлары тапал болса « сұңғақтым » , жайбасар болса « жүйрігім » деп те ат қояды . Ер адамдар да өзінен үлкендерді Мәке , Сәке деп құрметтейді . Анттасу . Жаудан кек қайтару үшін , адамдар бір - біріне деген адалдықтан айнымау үшін , еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт - дәстүр бар . Халық антын бұзған адамды « Ант атқан » деп жек көріп , « Уа , айтылған ант , серттескен уәде , алысқан қол қайда ? » » - деп , кінəласады .2 - мәтін Байғазы беру . Үлкеннің кішіге , яғни балаға беретін сыйы . Жас ұл - қыз , бойжеткен , бозбала жаңа киім кигенде , жаңа зат алғанда аға , апа , ата - әжесінен , туған - туыстарынан оған байғазы сұрайды . Олар байғазыға ақша , мал , мүлік , әйтеуір бір зат беріп , құтты болсын айтады . Базарлық әкелу . Алыс сапарға шыққан , қыдырып қайтқан , сауда жасап келген адамдар туған - туысқандарына , көрші - көлемдеріне , дос жарандарына ірілі - ұсақты сыйлықтар әкеліп береді . Мұны базарлық деп атайды . Ол - жақсы көргеннің , сыйлағанның белгісі . Бастаңғы жасау . Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып ( келіндер , абысындар , күйеулер , балдыздар болып ) , немесе замандастарын шақырып ойын суық өткізеді , әңгіме - дүкен құрады , әртүрлі дәмді тағамдар жасап ішеді . Бұл әдет - ғұрыпты бастаңғы жасау деп атайды . Көрісу . Қазақ салты бойынша сағынысып кездескен адамдар бір - бірімен құшақтасып амандасады , кісі қайтыс болғанында құшақтасып жыласады , қыз ұзатылғанда да қимастықпен қоштасып , жылайды . Мұны көрісу деп атайды . 2. Екінші мәтінді оқы . Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз . Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып , пікіріңізді білдіріңіз .