Мәтінді оқып шық.Етісті табыңыздар. Халықаралық спорт күні
6 сәуір БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы қарарымен бейбітшілікті сақтау жолында Халықаралық спорт күні ретінде бекітілді.Халықаралық спорт күні ретінде 6 сәуірдің таңдалуы кездейсоқ емес. Алғашқы Олимпиада ойындары 1986 жылы 6 сәуірде басталып, 15 сәуірге дейін жалғасқан болатын. «Осы мейрамды әлемдегі көптеген елдер атап өтеді. Қазақстан БҰҰ-ның осы қарарын ең алғашқы қолдаған елдердің бірі болуы да тегін емес. Өйткені біздің елде спортқа ерекше мән беріледі. Мемлекет басшысы біздің спортшылардың алдыңғы қатардағы жанкүйері десек қателеспейміз. БҰҰ мен ХОК бірге көтерген осы бастама жер бетіндегі халықтарды барынша спортқа жұмылдыруға қосымша күш пен мүмкіндіктер береді», - деп ойын түйіндеді Серік Қонақбаев.