Мәтінді оқып, шығарманы композициялық құрылымын анықта. Қозы Көрпеш-Баян Сұлу Сарыбай мен Қарабай аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастырады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян жүздерін көрмегенімен, бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай кызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпакшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозыны басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзі құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұста құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа кұл. қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қан салып қол жұмсайды. 1. Оқиғаның басталуы:
2. Дамуы:
3. Шиеленісуі:
4. Шарықтау шегі:
5. Шешімі: