Мәтінді оқып сұрақтарға жауап беріңіз. Көптеген салт-дәстүрлер қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, кәсібіне, қолөнеріне байланысты пайда болған. Оған дәләл – биебау, кеусен, келі түбі, қой басты, тулаш шашу, қымызмұрындық, сірге жияр, сауын салу, шашыратқы т.б. салт-дәстүрлер.Бұрын ел арасында: «Шала туып, тымаққа салып өсірген екен»,- деген сөздер жиі естілген. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Шала туған сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан, күн басы кереге арқылы есептелетін болған. Бұл күндері шала туылатын сәбилер жоқ емес. Тек тымаққа салынбайды, жаңа заманның озық технологиясы оларды артқа тастады. Сонда да «тымаққа салу» дәстүрінен халқымыздың тымақтың қадір-қасиетін дәріптеуін ғана емес, айла-шарғы, амалының да көрінісін көреміз.Осындай қызықты рәсімнің бірі – аунату деп аталады. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.Қазақтың салт-дәстүрін зерттеп жүрген ғалым, сыншы Дандай Ысқақтың айтуынша: «Қазақ салт-дәстүрді құрмет тұтып, қалтқысыз орындаған халық. Өйткені сол арқылы барлық қарым-қатынасты ушықтырмай реттеп отырған. Яғни, көп мәселені дәстүр жолымен шешкен. Тіпті құда түсудің, олармен тез табысудың жолын да қарастырып қойған». Ал қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - дейді.Тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылған халықтың құрдымға кетері анық Вариант 1
Мәтінде айтылған дәстүр түрлері *
А) Биебау, тымаққа салу
В)Кеусен, Тымаққа салу
С) Сауын салу, аунату
Д) Аунату, Тымаққа салу
Қазақ халқы әр күнді қалай есептеген? *
А) Күнге қарап
В) Айға қарап
С) Кереге басына қарап
Д) арнайы күнтізбе болған
Бұрын ел арасында: «Шала туып, тымаққа салып өсірген екен»,- деген сөздер жиі естілген. Сөйлемдегі өзгелік етісті тап *
а) туып
салып
с) өсірген
д) естілген
Ырықсыз етісті тап *
табысу
салынбайды
ыңғайлы болады
аунат
Үстеуі бар сөйлем *
Оған дәләл – биебау, кеусен, келі түбі, қой басты, тулаш шашу, қымызмұрындық
Осындай қызықты рәсімнің бірі – аунату деп аталады
Тіпті құда түсудің, олармен тез табысудың жолын да қарастырып қойған»
Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған.
это соч