Мәтінді оқып, құрылымына назар аударыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер. Қазақ аңшылары тазы итті аң қағу өнеріне қатысты бірнеше топқа бөлген. Бірінші топқа қасқыр алатын тазыларды жатқызған. Ондай тазы күшті әрі жүйрік келеді. Ол қасқырды қылқындырып алады.
Екінші топқа жататындар: шағын тазылар. Бұлар қасқырды қуып жетіп, тістелеп, мысын басады.
Үшінші топқа жататындар: қоян, түлкі ұстайтын тазылар. Бұлардың күші әлсіз, бірақ жүйрік болады. Күніне 2-5 қоян алатын мүмкіндігі бар. Ал түлкіні кез келген тазы алады.
Тазымен аң қағу үшін қайткен күнде қар жауып, сонар басталуы шарт емес. Аңның жүні жетіліп, қажетке жарайтындай болса жетіп жатыр. Сондықтанда тазымен аң аулауды қарасонар деп те атайды.
Тазыларды жеке-жеке немесе топ-тобымен аңға салады. Аңшылар аңды жатқан жерінен үркітіп алып шығады. Сосын қашқан аңға тазыны жұмсайды.
Сұрақтар:
1. Қасқыр алатын тазылар қандай болады?
2. Екінші топқа қандай тазылар жатады?
3. Тазымен аң аулауды қалай атайды?
2)Екінші топқа шағын тазылар жатады.
3) Тазымен аң аулауды қарасонар деп атайды.