Мәтінді оқып, әр абзац бойынша сұрақ құрастырыңыз. Су әрбір дененің, әрбір клетканың ішінде кездеседі және өмір сүруіне тікелей қатысып отырады. Мысалы, адам денесінің алпыс бес пайызы судан құралған, жеміс пен өсімдіктерде жетпіс алты пайыздан тоқсан сегіз пайызға дейін су бар.
Өмірдегі болатын биологиялық процестер сумен байланысты. Тіршілік біткеннің клеткасында судың мөлшері жеткіліксіз болса, онда өмір тоқтатылады. Мысалы, әрбір адам ас ішпей, сумен ғана бір айдай артық өмір сүре алса, сусыз бір аптдан артық өмір сүре алмайды.
Су табиғатта сұйық, қатты және газ түрінде кездеседі. Сұйық түрде мүхиттарда, теңіздерде, өзендерді, көлдерде және жер қыртысында кездеседі. Жер астынан тұман арқылы шығады. Судың қатты түрі қар мен мүздықтарда, ал газ түрінде атмосферада бу ретінде және топырақ пен тас жыныстарында ылғал болып кездеседі.
Су - біздің байлығымыз. Сусыз шаруашылық, ғылым мен техника дами алмайды. Осы күні су зерттеуші ғалымдар өзен суларын көлемі қалай өзгертетінін анық болжай алады. Өзен суы өз арнасында бір қалыпты болмайды. Кейбіреуі жер асты суымен, я жаңбыр суымен толысады