Мәтінді оқып ,мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру. Абай Кесенесі – 1996 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы қарсаңында орнатылды. Биіктігі 5 м, ұзындығы 200 м, ауданы 60 м. Биік 2 мұнараның біріншісі – Абай мұнарасы (биіктігі 38,5 метр), екіншісі - Шәкәрім мұнарасы (35 метр). Кешеннің төрт бұрышында төрт күмбез бар. Бұларға қоса диаметрі 36 м етр болатын "Орталық Азиядағы жазба мәдениет тарихы" мұражай орны, келіп-кетушілерге арналған қонақжай, амфитеатр, сондай-ақ, мешіт салынды. Бұрын осы орынға жерленген Абай, Оспан, Шәкәрім, Ахат бейіттерін қозғамай, солардың бәрін ішіне ала түрғызылған кесене құрылысы көшпелілер мәдениетінің үрдісінде, қазақ халқының космогониялық танымын бейнелейді. Сонымен бірге Абай кесенесінен Самарқандағы Гүр-Әмір, Аградағы Тәж-Махал кесенелерінің әсері де байқалады. Кешен композициясында бастан-аяқ тұтастық сақталған. Оның барлық ғимараттары бірін-бірі толықтырып, даланың кеңдігімен үйлесім тапқан. Құрылыс жұмыстарында, негізінен, Маңғыстаудың ұлутастары қолданылған.[1] ЖАЗБАША ЖҰМЫС.(Септік жалаулы сөздерді белгілеу) Жидебайдағы Абайдың мұражайы – республикадағы көрнекті мәдени орталықтардың бірі.. Мұражайға кіре берістегі оң жаққа ақынның бюсті орнатылған. Ал мұражайға кіргенде алдымен кең бөлмелі ас үйге тап боласыз. Ас үйде қойылған қазан, самауырындар, ыдыс-аяқтар, асадал, кебеже – Абайдың өзі қолданған бұйымдары. Келесі қонақ күтетін бөлмеде күмістеген құты, кесе, кебіс, айбалта, шақша сияқты заттар да көз тартарлықтай. Алдағы қос бөлме – Абайдың жыр жазып, кітап оқып, оңаша жұмыс істеген бөлмелері. Ондағы төргі бөлмедегі үстелдің үстіне қойылған шыны қорапшаның ішіндегі протез тісі, қалта сағаты, қалам сабы мен сия сауыты Абайдың өмірінен елес беріп тұрғандай көрінеді. Сонымен қатар, Абайдың өзі ойнаған тоғызқұмалақ ойынының тақтасы да сол қалпы сақталған. Мұражайдан шыға беріс дәліздің сол жағында тошала бар. Қабырғалары таспен қаланған тошала қысы, жазы бірқалыпты жылылықты сақтап тұрады

Leonelle Leonelle    2   15.04.2020 07:46    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы