Мәтінді оқып, мазмұны бойынша сұрақтар дайындаңдар. «Фантастика» сөзі грек тілінен аударғанда «қиялдау» (phantasia), «қиял
өнері» (phantastike) деген мағынаны білдіреді. Бұл шындық өмірден ерек-
шеленетін табиғаттың тылсым күштері және жаңа техникалық құралдардың
ғажайып құпия-сырлары мен мүмкіндіктері туралы қиялдан туындайды.
Сондықтан фантастикада екі түрлі бағыт бар. Біріншісі орта ғасырдан бері
келе жатқан жердің асты мен үстіндегі сиқырлы, тылсым күштердің адамзат
өміріне ықпалын көрсететін бағыт. Екіншісі жаңа техникалық құралдар
арқылы жаратылыстың құпия сырларын пайдаланып, болашаққа болжам
жасайтын ғылыми басымдыққа ие бағыт. Осы бағытта жазған жазушы-фан-
тастардың болашаққа жасаған болжамдарының кейбірі шынайы өмірде орын-
далып жатқаны белгілі.
Ғылыми фантастика (ағылшынша «science fiction» - ғылыми болашақ) —
ХХ ғасырда көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер сала-
ларында қалыптасқан жанр. Ғалым К.Г.Фрумкин: «Ғылыми фантастика
техникалық, тарихи, әлеуметтік тұрғыда болғанымен, онда сиқыр күші
кездеспеуі тиіс. Себебі ғылыми фантастикада ғылым мен техника жетекші
орынға ие», - деген.
Ғылыми-фантастикалық шығармаларда міндетті түрде ғылыми-техни-
калық жетістіктердің адам өміріне әсері көрсетіліп, көбіне басқа ғаламшарға
саяхат пен аспан әлемінде орын алған оқиғалар, роботтар, жаңа технологиялар
сипатталады. Жаңа техникалық құрылғылардың пайда болуы және ғылым
саласындағы түрлі жетістіктердің нәтижесінде ғылыми фантастиканың жаңа
түрлері пайда болуда.

samsungj7 samsungj7    2   29.04.2021 11:10    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi