Мәтінді оқып, мәтінннен алған ақпараттар негізінде «атқа мінгелі» отырған ініңізге құттықтау құрастырып жазыңыз. Құттықтау хатының құрылымын сақтаңыз. Атқа мінгізу
Баланы тұңғыш атқа мінгізу-қазақ тәлім-тәрбиесіндегі мән-мағынасы терең, тәрбиелік қуаты күшті салттың бірі. Баланы атқа мінгізуден бұрын отбасы алдын ала балаларына ашамай, кішкене ер-тұрман әзірлетіп, мінетін тай-құнандарын жуасытып дайындайды. Баласы өз тізгінін өзі алып жүретіндей болғанда, сәтті бүр күні ел-жұрт, ағайын-туыстарын шақырып, «ашамай тойынжасап, атқа мінгізеді. Мұнда көпті көріп, көп жортқан қариялардың бірі баланы «Әуп, бісміллә!» деп қос қолмен көтеріп атқа мінгізіп:
- Міне, бүгін азамат боп атқа қондың, өмір жолың ашық болсын, дұшпаның қашық болсын! Шу, жануар!-деп бала мінген атты мінгізіп жібереді. Бұл баланың алғаш рет ат жалын тартып мінуі, өмірге азамат ретінде тұңғыш қадам басуы болып есептеледі.
Бала алғаш атқа мінгенде, жығылмау керек. Қазақ халқы «ат жалын тартып мінгеннен бастап...» деп тұңғыш атқа мінген күнді өмір сапарына балалайды.
Баланы атқа мінгізу арқылы оның бойына «азамат болдым, ел қажетіне жарайтын шағым таяды» дейтін жауапкершілік сезімін тудырып, ерлікке, ептілікке баулиды