Мәтінді оқып, көтерілген мәселені нақтылауға бағытталған 2 нақтылау сұрағын
құрастырыңыз.
Хеопс пирамидасының бас архитекторы
белгілі Ежелгі Мысыр сәулетшісі, Хеопстың
ағайынды інісі Хемуин болған деп
есептеледі. Хемуинге «перғауын
құрылыстарының басқарушысы» құрметті
атағы берілген. Алайда ол құрылыстың
соңына дейін басы-қасында бола алмаған,
аяқталуға таяған шағында өмірден өткен.
Пирамида туралы біздің заманымызға
дейінгі V ғасырда атақты ежелгі грек
тарихшысы Геродот жазған. Ол пирамида
жөнінде Хеопс атты перғауынның кезеңінде
құрылған нысан екендігін, құрылысқа 100
000 адам қатыстырылғанын жазады.
Пирамида атауы Хеопс болғанымен,
перғауынның өзі онда жерленбеген.
Пирамида құрылысына әктастан жасалған 2
000 000 астам блок кеткен. Берік болуы үшін
сыртынан гранитпен қаптаған. Тақталар
жақсылап тегістеліп, бір-біріне
қиюластырылғаны соншалық, арасында
бірде-бір саңылау қалмаған. Әр тақтаның
орташа салмағБІ - 2,5 тоннаға жуық. Ал
нысанның жалпы салмағы – 5 000 000 тонна.
Тас қашайтын орыннан құрылыс аймағына
дейін блоктардың қалай жеткізілгені қазіргі
таңға дейін жұмбақ болып келеді. Тіпті
құрылысы туралы бірде-бір пікір жоқ. Кейбір
тарихшылардың айтуынша, құлдардың
жұмысын пайдаланған десе, басқа біреулері
жалдамалы жұмысшылардың жұмысы
екенін айтады.​

zepoo zepoo    1   26.10.2020 08:14    2

Ответы
О127 О127  26.10.2020 08:20

пр калайсындар бул 6 сыныптардын казакстан тарихы пәніма

Объяснение:

айтындаршы тауып беруге тырысамын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi