Мәтінді оқып, екі тапсырманың бірін орында: Үлгі бойынша өзің білетін бір жұлдыз туралы
сипаттама мәтін жаз.
Жетіқарақшы шоқжұлдызы туралы қаратпа,
қыстырма, одағай сөздерді қатыстырып диалог
жаз.
Үлгі. Көпшілікке таныс жұлдыздар шоғыры
-Жетіқарақшы. Жетіқарақшы шөміш бейнесіне
ұқсайды. Қараңғы түнде жарқырап, анық
көрінеді.
«Жетіқарақшыны таныған жеті қараңғы түнде
ада », - дейді қазақ. Қарақшының бір
мағынасы - күзетші, егінді құстардан қору үшін,
немесе қой шетіне ит-құсты жолатпай, үркіту
үшін, қарақшы қойылатын болған. Демек,
алғашқы мағынасында Жетіқарақшы жеті ұры
емес, жеті күзетші, қорықшы, қарап тұрушы
деген ұғымнан шықса керек. Ұрылар жөніндегі
ертегі бертінде, ертегішілердің қиялынан
шыққан.