Мәтінді оқып, берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз ( ).
Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілуде.
Байқоңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) — Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына “аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы “10-алаң” деп атап келген.
«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы.
Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда. . Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Восток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты. Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.
Сөздер Синонимдер
1 . Шаhар
2. Адамдар
3. Ел
4. алғаш
5. тез