Мәтінді оқып, баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннотация жазыңыз. (Аннотацияға тән тілдік клишелер: мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты..., с.с.) Биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев: «Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық. 1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық. Біз келелі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік» - деп атап өтті.
Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Елімізде әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан, әлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды.
Ғарышқа адамзат алғаш рет 50 жыл бұрын біздің байтақ жерімізден аттанды. Егер еліміз өз тәуелсіздігін алмағанда, бұл саланың да Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқанына қа­рамастан, дами қоюы екіталай болар ма еді... «Елдің дұрыс дамуы үшін, ең алдымен, оның басына азаттық керек» деп кезінде Шоқан Уәлиханов қандай орынды айтқан.
Мемлекет басшысының қолдауымен біздің ірі жобаларымыз Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Олар: «Ангара А-5» зымыран-тасығыш негізіндегі зымыран-ғарыштық «Бәйтерек» кешені; «Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі; ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешені; жерді қашықтықтан зондтау жүйесі.
Өздеріңізге белгілі, шілденің 16-сы күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «ҚазСат-2» спутнигі ойдағыдай ұшырылды. «ҚазСат-2» спутник-телевизиялық ақпарат таратуға және байланысқа арналған, яғни біз ақпарат таратып, байланыс орнату үшін басқа елдердің спутнигін жалдап, қаржыны басқа елдерге аудармаймыз деген сөз. «ҚазСат-2» арқылы еліміздің әр түкпіріне кедергісіз ақпарат пен байланыс жеткізіп, қиындықсыз хабар беруге бо­лады. Өзі­міздің жер серігі іске қосыл­ғаннан кейін, байланыс сала­сы, интернет те арзандай бастайды. Дегенмен, осының бәріне қол жеткізу үшін белгілі бір уақыт керек. Ал, «ҚазСат-3» спутнигінің ұшырылуын 2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басына жоспарлап отырмыз.
Осы табыстардың барлығына Тәуелсіздіктің 20 жылында жетіп отырмыз. Тәуелсіздік алып келген жетістіктер де, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі екені анық.
Дескриптор
-Мәтіннің әр бөлігінен керекті ақпараттарды іріктейді;
-Мәтін мазмұнын сақтайды;
-Жинақы мәтін(аннотация) жазады;
-Сөз тіркестерін орынды қолданады;
-Тілдік оралымдарды(клишелер) орынды қолданады;
-Орфографиялық норманы сақтайды;
-Жазба жұмысының көлемін сақтайды (90-100 сөз).

555767 555767    1   23.12.2020 10:19    10

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi