Мәтінді оқып, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықта. Мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен жаз. Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын. 1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы – ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік Арал” болып екіге бөлінді.​

даня1163 даня1163    1   08.12.2020 12:02    7

Ответы
Myziki Myziki  07.01.2021 12:03

1 ақпарат Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын.

2 аралға құятын ең басты өзен Сырдария амудария

3 Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды

4Арал теңізінің тартылуы – ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi