Мәтінді оқыңыздар. Үзінді қай стильде жазылған анықтаңыздар. Әлемдік өндірісте сұраныс мынадай: көмірге шамамен 30 пайыз, ал мұнай мен газға 67 пайыздан артық. 2000 жылы дүниежүзіндегі мұнай қоры 140 миллиард тонна деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мұнай қорының 77 пайызы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 миллиард текше метр деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ қорының 40 пайызы тиесілі.
Дүниежүзілік мұнай қоры 200-300 жылға жетеді, ал шындығында, қолда бар мұнай қоры тек қана бірнеше жылға жетуі мүмкін. Өйткені мұнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мұнай мен газ өндіру мөлшері шамамен 1 миллиард тонна, ал табиғи газ өндірісі 5 миллион текше метр болған. Ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 3,5 миллиард тонна және 23 триллион текше метрге жеткен.