Мәтінді оқыңыз. Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов - XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың отбасында дүниеге келген. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір- тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Жастық шағы – атамекені Сырымбетте өтті. Шоқанның шыққан ортасы – қазақтың хан-сұлтан төре тобы. Әкесі Шыңғыс Омск әскери училищесін бітірген. Орысша сауатты офицерлік шені бар (полковник). Арғы аталары – Абылайхан. 1.Мәтіннен көнерген сөзді және термин сөздерді теріп жазыңыз.