Мәтінді оқыңыз. Синонимдік қатарларды орынды қолданып, көрікті жерге саяхат жасауға шақыру мақсатында жарнама жасаңыз (40-50 сөз) [3] Көлсай көлдері
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылы 7 ақпандағы No88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800- 3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздарғ көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды жіне көріктілігін көрсетеді. Ауа-райы жағдайы демалу мен сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайыңды көліне дейін автокөлікпен баруға болады. Сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод- нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған Алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.
Тапсырма2. жаздың шуақты күні жанұяңызбен бірге саяхатқа бардыңыз. Алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз. Жазба жұмысыңызда төл сөздерді келтіріп, тыныс белгілерін дұрыс қолданыңыз (50-60 сөз) [3]
Тапсырма3. Төл сөйлемдердегі тыныс белгілерін қойыңыз[3] 1. Мал жұтайды, өнер жұтамайды деген Абай.
2. Әйел бір төбенің басына шығып алып былай деді Менің атым әйел мына қыздың анасымын. 3. Әйтілес қарт Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз деп бастады әңгімесін.
Комектесиндерши отинемин Бул Бжб казак тили