Мәтінді оқыңыз.
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. 2020 жылы Ұлы ойшылдың туғанына 1150 жылдығына орай туған жерінде аллея ашылды.
/Абу Насыр Аль-Фараби - самый известный из тюркских мыслителей, "2 учитель мира ". Его времена совпадают с развитием экономики и культуры городов вдоль "Шелкового пути", в том числе Отырара. Абу Насыр Аль-Фараби совершил поездки в Среднюю Азию, Персию, Ирак, арабские страны. Там он познакомился со многими поэтами, мыслителями, деятелями. По историческим данным, он знал около 70 языков. Автор более 150 трактатов в области философии, логики, этики, метафизики, языкознания, естествознания, географии, математики, медицины, музыки. В 2020 году в честь 1150-летия со дня рождения Великого мыслителя на родине открылась аллея.
3-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, үш шаққа қойып жазыңыз/выписать из текста глаголы в будущем, настоящем и времени.
Мысалы: дамыған-дамиды-дамып жатыр.