Мәтінді оқыңыз. Ақпарат көзін анықтаңыз. Қажетті 5-6 деректі іріктеп жазыңыз!
Ғылыми фантастика – ел өркениетінің жолашар жанры
Ғылыми фантастика – ауқымы кең жанр. Онда айтылған ғылыми идеялардың орындалу мерзімі келешек
үлесінде екені баршамызға аян. Өйткені жазушы-фантаст қаламынан туған ой -арманды арқалайтын
шығармалар уақыт пен кеңістіктің қай қиылысында да бола алады, соған сай ғылымның дамуы мен адами
құндылықтар – табиғатты көздің қарашығындай қорғаудың небір көкейкесті мәселелерін қозғайды. Бұны
ой-арманнан туындаған оқиға десек те, ғылыми-фантастиканың а ң келешегіне дұрыс бағыт
сілтейтіндей, әрі барлау, әрі көрегендік жасайтын жанр екенін көрсетеді.
Өткен үш жыл ішінде Қазақстанда тұңғыш «Кеңістік көшпенділері» деген айдармен сериялы ғылыми-
фантастикалық романдар жазып келе жатқан белгілі фантаст жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби
және халықаралық «Байқоңыр» сыйлықтарының лауреаты Жүніс Сахиевтің «Су әлемінің саздары»,
«Жасампаздық қиырында», «Ғарыштан келген гүл» ғылыми фантастикалық романдары «Елорда»,
«Фолиант», «Білім» баспаларынан һарық көрді.
Жүніс Сахиевтің «Кеңістік көшпенділері» сериялық фантастикалық романдарының мәні айдарында жатыр.
Мысалы, оның 2009 жылы «Фолиант» ба шыққан «Су әлемінің саздары» романы оқырман
назарын су асты әлеліне аудара отырып, қазақ халқының отбасылық, таза махаббаты мен күй сазына
ерекше мән береді.
Оқиға қазақ жерінен басталып, мұхит тереңінде ұласады. Өйткені мұхит тереңі де өзінше бір кең әлем.
Оның әлі күнге толық ашылмай жатқан құпия сырлары сансыз. Жүніс Сахиевтің ғалым кейіпкерлері су
астын зерттей жүріп, жұлдызаралық кемемен өзге жұлдыз жүйесі нен келген бетен ғаламшарлықтардың
назарына ілігеді. Ал оның басты себебі – қазақ халқының кең пейілді, парасатты қасиеті еді, өзге жұлдыз
жүйесінен келгендер бір-бірімен тілмен емес, әуен сазымен тілдеседі, сол арқылы бір-бірін түсініседі.