Мәтінді оқы,тапсырманы орында. Менің болашақта ғарышкер болғым келеді. Сондықтан да көз алдыма өз
болашағымды жиі елестетемін. Міне, қазір де қиялыммен көзді-ашып жұмғанша
болашаққа ұшып бардым.
Жан-жағымда жалт-жұлт еткен жұлдыздар. Бір кезде жарқ-жұрқ еткен
найзағайдан кейін, сатыр-сұтыр жаңбыр жауа бастады. Кемпірқосақты тамашалайын
деген оймен гүрс етіп бір жұлдызға қондым. Алақай, түрлі-түсті кемпірқосақ та
көрінді! Керемет көріністі тамашалап отырмын. Міне, ғажап! Кемпірқосақ арасынан
мен болашақты көрдім. Болашақтың адамдары жұлдыздарды мекендейді екен. Олар
мені көрген кезде «Бәрекелді, қош келдің! Біз сені танимыз» – деп күлімдей қарсы
алды. Менде «Бұлар мені қайдан таниды!?» – деген ой туындады.
Пай-пай, олар осыншалық білімдар, озық ойлы болып, акылға байып, биік-биік
қол жетпейтін кереметтердің бәріне қол жеткізген екен. Аспан денелерінде орналасып,
әртүрлі қызметтер атқарып, ойлап тапқан жаңа жетістіктерімен бөліседі. Олық
дүниелер жасап еңбек етеді. Әр жұлдызда шәкірттер тәрбиелейтін мектептері бар
көрінеді. Бір-бір аспан көліктерін мініп алып, жерге қонаққа келмекші
Шіркін, менде де сондай көліктердің бірі болса ғой...
Мәтіннен болашақтың адамдарының қонақжайлығын білдіретін сөйлемді белгілеп көрсет.