Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Прочитайте текст. Выполните задания по тексту. Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
1.Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз . Найдите опорные слова по тексту.
[1]
2.Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.Основная мысль, идея текста [1]
3.Оқылым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз. Отметьте 1 «верную» информацию по содержанию текста.
№
Мәтіндегі ақпараттар
Шын
Жалған
1
1909 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген.
2
КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері.
3
Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында күміс әріппен жазылған.
[1]
4. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.ответьте на вопросы по тексту.
Серік Қонақбаевтың Қазақстанның спорт саласын дамытудағы рөлі қандай деп ойлайсың?
Спорт саласында үлкен жетістіктерге жету үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Серік Қонақбаевтың спорттағы жолы қалай басталды?
Серік Қонақбаев спорт саласындағы қандай атақтардың иегері?
Серіктің атын әлемге танытқан қандай жеңіс болды?
Серік Қонақбаевтың спорттағы жетісіктері бұл салаға қызығушылық танытатын жастарға қалай ықпал етеді?
[6]
5.Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз. Вместо точек напишите нужные слова.
Былғары шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік академиясын 1984 жылы бітіріп, болған.
Қажетті сөздер/нужные слова: спорт және туризм, қолғап, маман иесі.
[1]