Мәтінді оқы.Тапсырмаларды орында. Ербол мен Тимур–достар. Екеуі бір сыныпта оқиды.Олар көптен бері болашақтың машинасын құрастырып жүр.Олар машинаға үлкен сағат орнатты.
Бүгін - олар үшін ерекше күн. Олар машинаны алғаш рет іске қосып көреді. Өздері қуанып және қорқып тұр. Тимур үлкен қызыл тетікті басып, сағатты бұрады.
1) Қай уақытқа барамыз, Ербол?
2) Болашаққа барайық. Болашақта Қазақстанның қандай болатынын көргім келеді.
3) Жақсы,онда сағатты 2030 жылға қоямын. Дайынсың ба? Кеттік!
Осы кезде айналадағы заттар көрінбей, балалар кеңістікте ұшып бара жатты.
1) Балаларды сипаттайтын 2 сөзді анықта.
A) ақылды
B) жалқау
C) еңбекқор
D) мейірімді
[2 ]
2) Мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын 2 сөйлемді анықта.
A) Уақыт машинасы үш бөлшектен тұрады.
B) Уақыт машинасын іске қосу сәтсіз аяқталды.
C) Достар уақыт машинасын бірінші рет іске қосты.
D) Достар уақыт машинасымен болашаққа саяхаттады.
[2]
3) Бұл күн достар үшін неліктен ерекше болды?
[1]
Жазылым 2-тапсырма
Берілген жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Мәтінді өз бетіңше аяқтап көр.
Жоспар:
1) Ерекше күн
2) Уақыт машинасын іске қосу
3) Болашаққа саяхат