Мәтінді оқы. Прочитай текст
Хат
Мен тоғыз күн бойы төсектен бас алмай жатып қалдым. Апам мен Еркінай әуелгіде қатты қорқыпты. Әнеукүні қол диірменге тартқан екі кило бидайдың тең жартысына жуығын жеті күлше етіп, маған суық тигенін біле тұра, көз тиіп қалды ма деп көрші-қолаңға таратыпты.
Тоғыз күн. Жайшылықта қалай өткенін білмей қалатын бұрымға келмес келте уақыт. Бірақ бар ғұмырындағы қуанышы мен күрсінісіп есептеп әр күніне бөлгенде қайғысына қайық батар тоғыз күн! Таңы атпайтындай, күні батпайтындай ұзақ үміті мен уайымы, сенімі мен сергелдеңі шарпысқан, кемпір-шалдар бал ашып, жаман түссе тағы ашып, кеуде біткенүйде, көңіл біткен түзде, жантайса да жақсы түс көру үшін жайшылықтың жылына тең тоғыз күн! Тоғыз күнде алақандай ауылға екі қара қағаз келіп, адамдары күңіренді. «Аманбыз» деген төрт хат келіп, жыртық жүрекке жамау болды. Бірақ жиырма күн жүріп өткен «аманбыз» үркек көңілге біржола медеу бола алмай, келесі күндердің үміті мен күдігін молайтты.
Д.Исабеков. таңдамалы шығармалар жинағы.
Граматикалық тапсырмалар:
«Балықшының» сөзіне фонетикалық талдау жасаңыз. (фонетический разбор)
«Хаттың бірі» сөзіне морфологиялық талдау жасаңыз. (морфологичиский разбор)