Мәтінді оқы. Оқуға желісін сақтап жоспар құра. Келесі жылдан Қазақстанда көне руна жазуы күні мемлекеттік деңгейде атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен түркі жазбалары мен мәдени күндердің аясында Кимек мемлекетінің 1100 жылдығына арналған "Еуразия қыпшақтары: тарих тіл және жазба ескерткіштері " халықаралық ғылыми конференциясында түркітанушы алдан Смайыл мәлім етті: "Көне жазулардың тарихын мектеп оқушылар білмейді. Біз соны осы күнге дейін тереңдетіп оқыта алмай отырмыз. Сонда не істеуіміз керек.
Осынын барлығын ойлай келе, өткен жылы Үкіметке тағы да хат жолдады. Заттың негізгі мақсаты - руна жазуының күндерін біз арнайы өткізуіміз керек. Ғылыми тұрғыда, салтанатты тұрғыда дейсіз бе, әйтеуір өткізуіміз кажет" деді ол. Ғылым осы ретте славян елдерінің бізге үлгі көрсетіп келе жатқанына талай талай жылдың болғанына атап өтті. "Славян жазуын күнінің халықаралық деңгейде өткізіліп келе жатқанына он жылдан асып кетті. Олар жәй ғана өткізбей, славян мәдениетінің ұлылығын дәлелдеуге арнайды. Әлемде тек қана бір тіл ғана болған сияқты, ол славян жазуы сияқты өткізеді. Соған әлемдегі бүкіл славянтанушы ғалымдарды шақырады, тіпті барлық Республикада, Қазақстанның өзінде өткізіп келе жатырмыз. Целиноград қаласы
болып тұрғанда, славян жазбасының күні осы жерде өтті. Ал руна-сына
жазуы туралы ештене демейтін. Сол тойлар өтіп жатқанда, іштей қынжылатынбыз. Одан да бұрын пайда болған көне жазуының бар. Тіпті кейбір ғалымдардың дәлелдеуінше грек әліпбиіне, кириллицаға негіз болған руна жазуын неге дәріптейміз деп іштей толғанатынбыз
", - деп ой бөлісті түркітанушы.