Мәтінді оқы. Оқшау сөздерді сәйкестендір. Жантаза
Сәті түсіп, жолаушы ақ үйді көріп қалады. Əдемі ақ үйдің жанына барғанда ішінен сұлу қыз шықты.
– Жолаушы, баратын жеріңіз алыс. Бір түн қонақ боп тынығып алыңыз, - деді бойжеткен. Жанқожа қызбен амандасты. Жасыратыны жоқ, дастархан толып тұр. Батыр алдында тұрған тағамды аузына апарса, белгісіз күштің əсерімен аузына тек құрма түсе берді. Біраздан соң Жанқожа.
– Бойжеткен, алыс жолдан шаршап келемін, тынығып алсам, - деді.
Қыз дастарханды жинап, төсек салды. Шам өшкен соң, Жанқожа қыз екеуінің ортасына қылышын қойып ұйқыға кетті. Таң атты. Қыздың қасына келген Жанқожа, оған қонақжай- лылығы үшін алғысын білдіріп, кететінін айтты.
– Батыр, бір-екі ауыз айтар сөзім бар еді...
– Айтыңыз, – деді Жанқожа ат үстінде тұрып. – Расында, мен... перінің қызымын... Сізге көптен бері ғашықпын. Қасыңызға жақындай алмадым, сізді үнемі періштелер қорғап жүреді. Амалын таппаған соң ауылға барып, адамдарды қорқыттым.
Менің дастарханымнан тамақ ішкенде мендік болар едіңіз. Бірақ, «Біссіміллə» деп тамақты іше бастағанда, менің тағамдарым аузыңызға түспей қойды. Жатқанда ортаға қылышты қойып жаттыңыз. Мен қылышты күзеткен періштелермен айқастым. Жаныңыздың тазалығын сақтап қалдыңыз.
– Енді бүкіл өміріңіз қылыш ұстап еліңіздің жауларымен айқасумен өтеді. Қыз Жанқожаға қимастықпен қиыла бір қарады да, «қош бол, жаны таза жігіт!» деп көзден ғайып болды. Жанқожа алдыңғы екі аяғын көкке көтере кісінеген атының тізгінін босатыңқырап, «шүу» деді. Торы ат жүйітки жөнелді...
----------------------------------------------------------------------------------------------------