Мәтінді оқы. Мәтіннің негізгі идеясын анықта. Автордың негізі айтайын деген ойы қандай?
Талай көрерменнің көңілін босатып, жүрегін жылатқан «Мәңгілік бала бейне» пьесасы бұл күнде театрдан да, кинематография саласынан да орын алды. 1996 жылы пьеса алғаш рет Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Режиссер Болат Атабаев қойған «Мәңгілік бала бейне» пьесасы әлі күнге дейін үлкен аншлагпен өтеді.
«Мәңгілік бала бейне» — күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Ләйлә атомның әсерінен емес, а ң ісінен өз өмірімен қоштасады.
2002 жылы белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов экранға «Қызжылаған» фильмін шығарады. Жарыққа шыққан бойда фильм кеңінен танылып, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері атанып, үздіктердің қатарынан көрінді.
Ләйләнің денесі кем болса да, оның жүрегі кең. Ләйлә — жаны тазы, көкірегі көркемдікке құштар жан. Театрдағы Ләйлә бейнесін Данагүл Темірсұлтанова сомдаса, кинодағы бейнесін Аянат Есмағамбетова сомдаған болатын.
(Ғазиза Ұзақтан)
2-тапсырма. Мәтін мазмұны туралы пікіріңді «Төрт сөйлем» құрылымына салып жаз.
1.Пікір. Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.
2.Дәлел. Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.
3.Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
4.Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды жаса.