Мәтінді оқы. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін суретті тап. Құсбегі – ең алдымен, қыран құсты танып, таңдай білетін адам. Сайын далада саят құрған
құсбегінің бойында сергектік пен серілік, ептілік пен ерлік астасып жатады.
Аппақ қар жамылған далада қызыл түлкі зытып барады. Құсбегі томағасын сыпырған
қыран қайқаң қағып биікке шығып алды. Содан кейін қар бетіндегі қызыл түлкіге қарай
құйғыта жөнелді.
Міне, бұл – құсбегінің қыранын қансонарда алып шығып, алғашқы аң аулауы, яғни құс
салуы