Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша 5 проблемалық сұрақ құрастыр. Қазіргі кезде белең алып отырған жаман әдеттердің бірі гиподинамия, адамдардың күнделікті

өмірде аз қимылдауы. Ол, әрине, жалқаулық пен жатыпішерлердің салдарынан болады. Жаяу жүруге

ерінеміз, жақын жер болса да, баратын жерімізге көлікпен барамыз. Қимыл азайған сайын дене

ауырлай береді, жүрек пен қан тамырларының қызметі нашарлап, адам семіреді. Өз ықтиярымен

семіздік дертіне шалдығады.

Семіздік әр түрлі ауруларға – қан қысымының көтерілуі (атеросклероз) және тағы басқа күрделі,

емделуі қиын жүрек пен қан тамырларының созылмалы сырқаттарына әкеліп соқтыратыны баршаға

мәлім. Олардың (семіз адамдардың) өмірі сау адамдардың өмірімен салыстырып қарағанда 10-15

жылдай қысқа болады. Өйткені, семіздік, зат алмасу үрдістері бұзылғандықтан, адамдарды

гипертония, қант диабеті, бауыр циррозы, өтте және бүйректе тас пайда болу сияқты сырқаттарға

душар етеді. Буын-буындарында да тұз жиналып, сырқырап қақсайтын артрит сияқты әр түрлі буын

ауруларына әкеліп соқтырады. Денені май басқандықтан және асқазанды кере тойып тамақтанудан

адамның кеуде мен іш қуысын бөліп тұратын диафрагма сияқты көк еті жоғары көтеріліп, өкпеге

және жүрекке қысым түсіреді. Сол себепті ол организмдердің қан айналымы нашарлайды, өкпе мен

жүректің қызметі нашарлағандықтан, адам организмін оттегімен қамтамасыз ету қабілеті

төмендейді, оны гиповентиляция дейді. Жоғарыда айтылғандай, оттегі – адам денесіндегі жасушаға

қажет «жанармай». Осындай қысым жиі қайталана берсе, ондай адам пневмония, бронхит және т.б.

сияқты әр түрлі созылмалы өкпе ауруларына шалдығады.​

    3   03.03.2021 16:37    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi