Мәтінді оқы. Әміре Қашаубаев туралы газет-журналдардан, энциклопедиялардан қосымша материал жинастырып, жинақы мәтін жаз. Интонация компоненттеріне мән бер.

Әнші Әміре туралы шындық

...Жалпы, Әміре жайлы жазылған мақалаларды екі тұрғыда айшықтауға болады. Әуелгісі – әншінің көзі тірісінде жазылғандар. Қаныш Сәтбаев пен Әлкей Марғұланның Әміре туралы жариялағандары, Ромен Ролланның, Анри Барбюстің айтқан пікірлері, Александр Затаевичтің жазғандары және «Еңбекші қазақ» газетінде шыққан Мұхтар Әуезовтің әнші шығармашылығына арналған мақалалары Әміренің көзі тірісінде берілген шынайы баға әрі оған деген құрмет еді. Әміре жайлы жазылған мақалалардың екінші бір шоғыры ол қайтыс болғаннан кейінгі жылдары жазыла бастады. Ол кезең қырқыншы-елуінші жылдары еді. Бұған басты себеп – Біріккен Бас саяси басқарма (ОГПУ) тыңшыларының Әміре 1925 жылы Парижге барғанда Мұстафа Шоқаймен жолыққаны, екеуін бірбірімен байланысы бар адамдар деп, тізімге іліктіріп жөнсіз көп мазалай бастағаны. Сөзіміз дәлелді болуы үшін ҰҚК-нің отставкадағы полковнигі

Әмірхан Бәкірұлы мұрағаттан тапқан Әміре Қашаубаевтың 1927 жылғы 6 маусым күні басқармаға шақыртылып, тергеушілер алдында берген жауабын келтіре кетейік. «…1925 жылы мау сым немесе шілде айының бірінде мен барлық ұлттық республикалардан жиналған 14 актермен бірге Парижге бардым. Барған бойда «Дория» отеліне орналастым. Екінші күні қонақүйге Мұстафа Шоқаев келіп, менімен әңгімелесті. Ол Қазақстанда болып жатқан жағдайларды сұрады. Арасында: «Үкімет басында кімдер тұр? Қазақтар бар ма?» деген сауалдар да қойды. Мен «бар» деп жауап бердім. Бірақ олардың кімдер екенін айтқаным жоқ, ол да менен сұраған жоқ. Сосын ол менің білімімді сұрады. Мен оған «ешқандай білімім жоқ» деп жауап бердім. Әңгіме үстінде ол Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың хал-жағдайларын және немен айналысып жүргендерін сұрады. Мен: «Байтұрсынов Қызылордада мұғалім, ал Дулатов әдебиетпен айналысып жүр», – дедім… Осылайша Әміреден сан рет қолхат алынады. Сан рет үйін тінтіпті. Сан рет соққыға жығыпты. Сан рет қорқытып үрейлендіріпті. Сол тұста Әміре жайлы жазуға да шектеу қойылыпты...

Lisa030105 Lisa030105    3   21.10.2020 11:57    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi