Мәтінді оқыңдар. Мәтіннен антоним бола алатын сөздерді тауып жазып шығыңдар. XXI ғасыр - интеграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан мүқият ойластырылған интеграцияға қарсы болу - заманауи үрдіспен дамуға қарсы болу. Ең дамыған елдердің барлығы бүгінгі биіктерге интеграция арқылы жетті. Бүкіл адамзат жаһандану жолымен дамып жатыр. Етек-жеңді қымтап, есік-терезені тарс жауып отыру дамуды тежейді, әлем көшінің соңына қалдырады. Біз дамыған елдердің шаңын жұтуға емес, көшін бастауға ұмтылған елміз. Байбаламға салып, балақтан тартпай, байыппен ойлап, байсалды әрекет етсек жарасады. Интеграция ел тәуелсіздігіне ешбір қауіп төндірмейді, керісінше нығайта түседі. Ол нарықты кеңейтеді, алыс-беріс пен барыс-келісті арттырады, бәсекелік қабілетімізді шыңдайды.
H. Назарбаев